Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер "Show match" футбол ойынында есірткіге қарсы акция өткізді

Түркістанда полицейлер "Show match" футбол ойынында есірткіге қарсы акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының "Turkistan Arena" стадионында елге танымал өнер жұлдыздары мен медиа саласының үздіктері, блогерлердің қатысуымен "Show match" футбол ойыны өтіп, "Біз лудомания мен нашақорлыққа қарсымыз!" акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Спорттық жарыстың мақсаты - жастар арасында лудомания мен нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар іс-шара аясында Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.

Түркістан аренаның жасыл алаңындағы футбол матчында "Түркістан" және "Қазақстан құрамасы" командалары сынға түсті. Олар қызықты ойын үлгісін көрсетіп, есеп тең болып аяқталды. Ал жеңімпаз пенальти сериясында шешілді. Нәтижесінде "Түркістан" командасы 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру