Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер студенттер арасында шағын футболдан турнир өткізді

Түркістанда полицейлер студенттер арасында шағын футболдан турнир өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығы мен Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен жасөспірімдер арасында шағын футболдан турнир өтті. Көпсалалы индустриялық-техникалық колледжінде өткен шара нашақорлықтың алдын алу, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Облыс орталығының колледж студенттері арасындағы жарысқа 8 команда қатысты. Қызықты ойын барысында қатысушылар ұйымшылдық пен тамаша спорттық дайындықтарын, жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.

Нәтижесінде І орынды Түркістан жоғары көпсалалы колледжінің командасы, ІІ орынды "Дарын" колледжінің командасы, ал ІІІ орынды Ахмет Ясауи атындағы Түркістан кәсіптік колледжінің командасы иеленді. Полицейлер барлық жастарға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табыстады.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар жастардың бойында салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және командалық рухты арттыруға ықпал етеді деп сенім білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру