Түркістанда полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті
Түркістанда полицейлер жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістанда полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
Кезекті рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс жерде және ойын-сауық орындарында жүрген 30 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына және заңды өкілдеріне шара қабылданды.
Сонымен қатар тексеру барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 2 ойынхана мен кафе-бар иесіне қатысты да шара қолданылды.
