Түркістанда полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты
Түркістанда учаскелік инспекторлар жоғалған баланы іздеп тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасының №1 учаскелік полиция пунктіне туыстарына қонаққа келген Алматы облысының тұрғыны арызданып, кәмелетке толмаған ұлы үйден шығып, қайта оралмағанын жеткізді. Ақпарат алғаннан кейін полицейлер дереу қарқынды іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде қысқа мерзімде учаскелік полиция инспекторлары аялдамалардың бірінен жоғалған жасөспірімді тапты.
Белгілі болғандай, бала үйден алыстап кетіп, адасып қалған. Полицейлер баланы анасына тапсырып, профилактикалық әңгіме жүргізді. Ата-аналар ұлын табуға көмектескен тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Полиция ата-аналарға балаларына мұқият болуды, қараусыз қалдырмауды және олардың мінез-құлқын бақылауды ескертеді.