Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады
Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістанда полицейлер дронды қолданып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады.
Яғни рейд барысында 1000-ға жуық автокөлік тоқтатылып, 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оларға тиісті шаралар қабылданды.
Дронмен бақылау – құқық бұзушылықтарды нақты әрі жедел тіркеуге мүмкіндік беруде.
Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ортақ қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Түркістан облысында дрон арқылы рейдтік іс-шаралар әрі қарай да жалғасады.
