Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Түркістанда полицейлер жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Рахышев облыс көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында аудандарға қызметтік іссапармен шықты.

Полиция басшысы трассада жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2 тәулік бойы жүргізілген шара барысында жол қозғалысы ережесі жазылған 300 дана жадынама таратылды.

Тәртіп сақшылары жол саласына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтап, бірнеше көлікті айыптұраққа жеткізді. Аталған бір нүктелік рейдтік жұмыстар аптаның демалыс күндері де жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру