Түркістанда полицейлермен мен 100-ден астам ерікті профилактикалық шара өткізді
Түркістанда полицейлермен мен 100-ден астам ерікті профилактикалық шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласындағы еріктілер мен студенттік жасақтардың қатысуында саптық жиын өткізілді. Аталған саптық жиыннан кейін қатысушы жастар полицейлермен бірге патрульдеу аумақтарына бөлініп, профилактикалық шараларға ат салысты.
Саптық жиын Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Өсербаевтың басшылығымен "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.
Учаскелік полиция инспекторлары еріктілермен бірге интернет-алаяқтық бойынша мыңнан астам азаматқа ескерту жұмыстарын жүргізіп, 420 жадынама таратты.
Тіркелген қару бойынша қала көлемінде 40 азаматтың қарулары тексеріліп, 11 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз граффити жазбалары бар 38 жайт анықталып, еріктілермен бірге жойылды. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жол ережесін бұзған 23 азаматқа шара көрілді.
Сондай-ақ жұмыс тобы облыс орталығындағы жатақханаларды аралап, ондағы студенттерге қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру шараларын атқарды. Түркістан қаласы аумағында орналасқан кафелерге қорқор өнімі мен үрмелі газды шарларды тұтынуға тыйым салынғаны қатаң ескертілді.
Ал тексеру кезінде түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүрген 2 жасөспірім анықталды. Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 14 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды.
Полиция құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік бойынша бірлескен іс-шараларды үздіксіз өткізе бермек.