Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полиция есепте тұрған 80-нен астам тұрғынды тексерді

Түркістанда полиция есепте тұрған 80-нен астам тұрғынды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының жергілікті полиция қызметіне қарасты учаскелік инспекторлары мен пробация қызметкерлері профилактикалық есепте тұратын адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — криминогендік жағдайды жақсарту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қайталанатын қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім адамдарды анықтау және есепке қою.

Мәселен, полицейлер алғашқы тәулікте тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарында есепте тұратын 86 адамды тексеріп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізді.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, "Есептегі элемент" іс-шарасы есепте тұратын адамдар тарапынан қайталанған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ бұрын сотталғандарды тиімді бақылау үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру