Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полиция мен прокуратура ұйымдастырған форумға 400-ге жуық есептегі азамат қатысты

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында өткен форумға қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары, сонымен қатар Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданында пробациялық есепте тұратын 400-ге жуық тұлға қатысты.

Басқосу барысында есепте тұрған азаматтарға сот тағайындаған жазаларын мерзімінен бұрын өтеу, мемлекет есебінен оқып мамандық алу жайы айтылды.

Сондай-ақ кәсіптерін ашып, өз өмірлерін жақсы жағына қарай өзгертулері жайы да назардан тыс қалмады. Форум соңы еңбек жәрмеңкесіне ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру