Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полиция нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесті

Түркістанда полиция нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттермен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан жоғары көпсалалы колледжінде жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кездесу өткізді. 

Іс-шараға жергілікті полиция қызметі, төтенше жағдайлар басқармасы, Түркістан облысы ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық кеңесінің өкілдері, оқытушылар мен 200-ге жуық студент қатысты. 

Кездесу барысында полицейлер оқушыларға есірткі және психотроптық заттарды қолданудың зияндылығы туралы айтып, оларды заңсыз сақтау мен таратудың салдары туралы, сондай-ақ есірткі қылмыстарын жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.  

Сонымен қатар студенттер үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жазғы демалыста шомылу науқанындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау және алғашқы көмек көрсету ережелері бойынша дәріс өткізілді. Пайдалы ақпараты бар жаднамалар таратылды және тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Студенттер мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісіп, есірткіге деген теріс көзқарастарын білдірді. 

Тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңды сақтауға шақырады. Алдағы уақытта да құқықтық сауаттылықты арттыру және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі осындай іс-шаралар жалғасатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру