Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда пробация қызметінде есепте тұрған азамат заңды бұзып, қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат сот жүктеген міндетті біле тұра, заңды қаскөйлікпен бұзғаны үшін, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейтін болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.

– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттары мен сот жүктеген міндеттерді біле тұра бұзған. Кешкі уақытта тексеруге барғанда үйінде болмай, пробация қызметіне тексеруге келмеген. Өткен жылдың наурыз айында Шымкент қаласының, Абай аудандық сотының үкімімен ҚРҚК-нің 188-бабының 2-тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 2023 жылы наурыз айында Түркістан қалалық ПҚБ есебіне алынды. Өткен жылдың қазан айында пробоциялық бақылауға келіп, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Осы жылдың 24 мамыр күні жасырынған жері анықталып, қамауға алынды. Түркістан қалалық сотының қаулысы бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Азамат жазасының қалған бөлігін абақтыда өтейді. Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке орай бұл азамат заң талаптарын орындамаған. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұрады.

Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзады.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жаза тағайындалатын адамдар да кездесіп жатады. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру