Түркістанда ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімі үшінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға С.Ерубаев көшесінде сағат 19:45 шамасында болған. Азаматша полицияға қоңырау шалып, оның пәтерінде ұрлық болғанын хабарлады. Алынған өтініш бойынша құқық қорғау органдары күдіктіні ұстау үшін Ұлттық ұланның әскери жасағына дереу ақпарат берді. Жарты сағаттан кейін патрульдік топтың бастығы сержант Бақыт Бәймешов пен патрульдік қатардағы жауынгер Дамир Елубайдың келісілген әрекеттерінің нәтижесінде күдікті қылмыс жасалған жердің жанында ұсталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұл жағдай әртүрлі құқық қорғау құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын және олардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жауапкершілік пен кәсібиліктің жоғары дәрежесін көрсете отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі өз міндеттерін орындауды жалғастыруда.