Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда сауда орнынан алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті

Түркістанда сауда орнынан алтын бұйымдар ұрлаған күдікті қолға түсті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық қылмысын жасаған қала тұрғынын қолға түсірді. Белгілі болғандай, әйел алтын бұйымдар сататын сауда орнына барып, сатушыдан алтын алқаларды көрсетуді сұраған.

Сатушының басқа да сатып алушыларға назар аударып тұрғанын байқаған әйел алтын білезікті жасырын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Содан ұрланған бұйымды ломбардқа өткізіп үлгерген. Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері қолды болған айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне тапсырды. 

Сондай-ақ тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа да дәл осындай ұрлыққа қатысты тағы 1 фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру