Түркістанда телефон ұрысы анықталды
Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлаған күдікті әйелді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын азаматша арызданған. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, кешкі сағат кешкі сағат 17:30 шамасында өзінің тұрғылықты мекен-жайында орналасқан үйінің ауласынан белгісіз біреу, кіре берісте тұрған «HUAWEI» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жақын маңдағы көшелерді аралап, куәгерлер мен көшедегі жаяу жүргіншілерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды өткізді. Жедел тергеу барысында күдіктіні ізін суытпай өзінің жеке тұрғын үйінен қолға түсірген.
Анықталғандай күдікті әйел болып шықты. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдіруде. Ал тергеу амалдары әліде жалғасуда. Бас шарасы келу туралы міндеттеме.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Ақша мен әмиянды қалтаңызға салып немесе қолыңызда ұстаған дұрыс. Сондай-ақ, тонау немесе ұрлық жағдайына тап болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефонына
хабарласыңыз. Бұл қылмысты ертерек ашуға және ұрыларды, қарақшыларды ұстауға көмектеседі.