Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда темір ұрлап, оны сатып жіберген күдікті ұсталды

Түркістанда темір ұрлап, оны сатып жіберген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық ПБ-ға Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс обьектісінен құны 300 мың теңге болатын құрылыс сатысымен оның темір құрамалы аяқтарын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚК 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркелді. Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер жедел іске кірісті.

Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлер үзіліссіз барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Мұқият жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған темірлер табылды. Осылайша ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті қараусыз жатқан темірлерді байқап, жеңіл жолмен пайда табуды көздеген. Содан арнайы мотореллер жалдап, темірлерді артып әкеткен. Ұрланған заттарды темір алатындарға 40 мың теңгеге өткізген. Бүгінде ұрланған темір құрамалы сатылар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатып, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолына тосқауыл қоясыздар. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру