Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда тұрғынның 10-нан астам аккумуляторын ұрлаған үшеу ұсталды

Түркістанда тұрғынның 10-нан астам аккумуляторын ұрлаған үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға аккумулятор сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша, жұмыс жасап жатқан дүкенінен белгісіз біреулер 10-нан астам аккумулятор ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 450 мың теңге көлемінде шығын келген. Бұл деректі полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Аккумулятор ұрлаушыларды ұстау мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Көрген-білгендерден сұрастырып, жақын аймақтар мұқият тексерілді. Бейнебақылау камераларын қарап шықты. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы тәулік ішінде күдікті деп танылған үш азаматты ұстады. Олар полиция бөліміне жеткізілді.

Анықталғандай, күдіктілер ұрланған мүлікті алыпсатарларға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша күдікті үшеуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлері қолды болған аккумуляторларды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болып, автокөліктері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру