Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды

Түркістанда үлгілі полицейлердің ата-аналарына алғыс жарияланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментіндеЗаң мен Тәртіп” қағидаты аясында жеке құрамның моралдық-психологиялық ахуалын көтеру мақсатында  жиын өтті.

Жиынға Түркістан қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Сансызбаев және Кентау қаласы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимахан Советұлы мен департамент басшылығы және жеке құрам қызметкерлеріқатысты.

Шарада қызметтеріне адал, еңбекқор және қоғамдық тәртіпті қамтамсыз ету жолында жоғарғы нәтижеге қолжеткізген  жеке құрам қызметкерлерінің ата-аналары марапатталды. Ең алдымен қатысушыларға ролиция департаментімен атқарылған іс-шаралар туралы бейнеролик ұсынылып, жұмыстар сараланды.

— Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отаныңды сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет, — деді арагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сансызбаев.

Жеті полицейдің ата -анасына департамент басшысы Мұрат Қабденовтің атынан алғыс жарияланып,  осындай батыл да, білімді тәртіп сақшыларын тәрбиеліп өсіргені үшін марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру