Түркістанда үздік нәтиже көрсеткен полицейлер марапатталды
Түркістанда үздік нәтиже көрсеткен полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде өңірдің бас полицейі Мұрат Қабденовтің басшылығымен жедел кеңес өтті. Кеңес барысында қызметтік міндеттерін адал атқарған және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қортындысы бойынша оң нәтижеге қолжеткізген бірқатар полицей ІІМ-нің төсбелгісі және алғыс хаттарымен марапатталды.
Атап айтқанда, "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Бақдаулет Тынқозиевке, ІІМ грамотасы Ербол Бекзадевқа, Нұржан Асыловқа, ІІМ-нің алғыс хаты Ержан Жабашевқа, Алмас Балғабековке табысталды.
Сонымен қатар АҚШ-та өткен күш құрылымдары арасындағы армрестлингтен халықаралық турнирде Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторы Нұрқанат Өтешов ел намысын қорғап, қол күрестен екі қолмен де әлем чемпионы атанып, медаль иеленген болатын. Осы орайда департамент бастығы Нұрқанатты арнайы құттықтап, Түркістан облысының намысын қорғағаны үшін алғысын жеткізді.