Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жас жол инспекторлары жүргізушілерге қауіпсіздік жадынамаларын таратты

Түркістанда жас жол инспекторлары жүргізушілерге қауіпсіздік жадынамаларын таратты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында полиция мен жас жол инспекторлары жүргізушілер арасында жол қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған акция өткізді.

Қала көшелерінде өткен шара барысында оқушылар жүргізушілерге арнайы әзірленген қауіпсіздік жадынамаларын таратып, жол ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салды.

Жас инспекторлар жүргізушілерді жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, жаяу жүргіншілерге жол беруге және балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы жол мәдениетін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді. Қала тұрғындары оқушылардың белсенділігіне ризашылық білдіріп, олардың бастамасын қолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру