Түркістанда жастарға арналған форум өтті
Түркістанда "Заң және тәртіп қағидатын" іске асыру аясында "Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі" атты форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыбаев ашып, жастардың құқықтық және рухани мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды. Форумға қаладағы мыңнан аса мектеп оқушылары мен ата-аналар да қатысып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту бағытында өз ойларын ортаға салды.
Форум барысында Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаев пен полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев сөз сөйлеп, құқықтық сауат, заңды құрметтеу және жауапкершілік тақырыбына ерекше назар аударды. Сонымен қатар имам, психолог, IT маманы жастармен тәжірибе алмасып, ой бөлісті.
Форумға қатысқан жастар мен ата-аналар үшін бұл кездесу тәрбиелік әрі мотивациялық мәні зор шара болды.