Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жастарға криминалистиканың қыр-сыры айтылды

Түркістанда жастарға криминалистиканың қыр-сыры туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің бастамасымен ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы мен Түркістан облысы ПД-ның қызметкерлері бірлесіп маңызды іс-шара өткізді. Негізгі мақсат – полицияның жастармен тығыз ынтымақтастығы мен серіктестігін орнату арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл іс-шараға Түркістан облысының жастары қатысты. 35 жас тұрғынға тәртіп сақшыларының күнделікті атқаратын жұмысы көрсетілді. Атап айтқанда, тергеу және жедел-криминалистикалық басқармаларының қызметкерлері “Қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша оқиға орнын қарап тексеру кезінде криминалистикалық қамтамасыз ету” тақырыбы аясында практикалық оқу сабағын өткізді. Сондай-ақ Түркістан жастарына қазіргі еліміздің заманауи криминалистиканың қыр-сыры түсіндіріліп, криминалистикалық техникалар мен құрал-жабдықтар толықтай көрсетіліп, таныстырылды.

Іс-шара соңында жиналған жастарға ҚР ІІМ жоғарғы оқу орындарынан келген мамандар оқуға түсу ережелерін түсіндіріп, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Шараға қатысқан жастар полиция қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру