Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жол қозғалысы ережесін бұзған мас жүргізуші қамауға алынды

Түркістанда жол қозғалысы ережесін бұзған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлері жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас күйінде қайта көлік басқарған облыс орталығының тұрғынын ұстады. Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері түнгі уақытта Түркістан қаласының Н.Төреқұлов көшесінде Hyundai Sonata көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің ішімдік ішіп көлік жүргізгені және 2022 жылдың қараша айында мас халде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Алайда жүргізуші қателігінен сабақ алмай, яғни көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі әлі аяқталмағанына қарамастан, қайтадан құқық бұзушылық жасаған.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру