Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда “Жолда қабылдау” акциясы жалғасты

Түркістанда «Жолда қабылдау» акциясы жалғасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың сәуір айынан бері елімізде ай сайын екі күн қатарынан “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өткізілді. Десек те, елде орын алған төтенше жағдай, коронавирус індеті жайлаған карантин кезінде акция тұрғындардың саулығы үшін тек онлайн форматта ұйымдастырылды. Ендігі кезекте, яғни бүгіннен бастап акция қайта жаңғырып, тұрғындарды Азаматтарды қабылдау кеңсесінде қарсы алуда.

Түркістан облысының полицейлері 17 маусым күні Полиция басқарма, бөлімдерінің жанынан ашылған фронт-офистерде келушілерді қабылдап, полицияға қатысты сауалдарына жауап, құқықтық кеңес берді. Полиция департаментінің ресми парақшаларында тікелей эфирлер ұйымдастырылып, полицейлер желі қолданушыларымен байланыста болды. Жұртшылықпен Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев сұхбаттасып, акцияның тиімділігіне тоқталып өтті.

Жалпы, облыс бойынша азаматтарды қабылдау кеңсесіне 700-ден астам тұрғын келіп, “Жолда қабылдау” акциясында белсенділік танытты.

Тұрғындардан жиі қойылған сұрақтар қатарында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі мен ережелері, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізу куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу мәселелері болды.

Сондықтан ашықтық, халықпен тығыз байланыста болуда бұл акция тұрғындарды кезексіз қабылдап, барынша құқықтық сауаттылықтарын арттыру мен түсіндіру жұмыстарын жүргізе береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру