Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады

Түркістандық полицейлер 100 келіден астам балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық полицейлер рейдтік іс-шара жүргізу барысында балық аулап келе жатқан браконьерді ұстады. Браконьердің жүргізіп келе жатқан Toyota Camry автокөлігін тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан 97 дана, яғни 100 келіден астам сазан балығын айғақты зат ретінде алды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұған дейін де балық аулап, мейрамханаларға өткізіп жүргендігі белгілі болды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру