Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер адасып жүрген бойжеткенді үйіне жеткізді

Түркістандық полицейлер адасып жүрген бойжеткенді үйіне жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданы тұрғыны сағат 13:30 шамасында “102” нөміріне хабарласып, дүкеннің жанында аты-жөні белгісіз бір жасөспірімнің адасып жүргені туралы хабарлаған.

Осы орайда Жетісай АПБ учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік қызметкерлеріне нұсқау берілді. Аталған дүкенге полицейлер тез арада жетіп, адасып жүрген қыз баладан мән-жайды сұрастырды. Алайда белгісіз себептермен ешқандай ақпарат біле алмаған соң, бұл іске ювеналды полиция тобы жұмылдырылды. Олар қыз баланың мекен-жайы, аты-жөні туралы мәліметтер іздестіріп, білім мекемелерімен, медицина орталықтарымен және басқа да тиісті орындармен байланысқа шықты .
Дәл осы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста 102 нөміріне тағы бір хабар келіп түсті. Онда көршілес ауыл тұрғыны өзінің сіңілісін іздеп таба алмай жатқандығын айтып, полицейлерден көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері аталған азаматшадан анық-қанығын сұрастырған. Нәтижесінде дүкен маңынан табылған қыз арызданған әйелдің сіңілісі болып шықты. Жоғалған қыз отбасымен қауышты. Сіңлісінің аман табылғанына қуанған әпкесінің көңілі орнына түсіп, табыстаған патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру