Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ардагерлермен кездесу ұйымдастырды

Түркістандық полицейлер ардагерлермен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Еңбек адамына құрмет» жобасы жүзеге асырылуда. Осыған орай Ордабасы АПБ қызметкерлері аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.

Аталған кездесуге өз қызметін абыроймен атқарып кеткен Ішкі істер органының ардагерлері Юсупов Төленбек, Молдашев Елтай мен Сыздықов Ғалымжан арнайы шақыртылды. Бұған қоса жас полицейлер мен әр-түрлі сала мамандары және полиция қызметіне қызығушылық танытып жүрген жастар келіп қатысты. Кездесу барысында ардагер полицейлер қызметтік борышын өтеп жүрген шақтарында басынан өткен қызықты оқиғаларын еске алып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Бұл қызметтің талап ететіндігін және моральдық тұрғыдан біліктілік пен физикалық тұрғыдан төзімділікті талап ететіндігін айтып өтті.

Өз кезегінде полицейлер ардагерлерге құқықтықтәртіпті сақтауда атқарған қызметтері үшін құрмет көрсетті, арнайы сыйлықтарын табыс етті.Сонымен қатар «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында қосқан үлесі үшін «Ордабасы» атты кітап сыйға беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Шара соңына таман Ордабасы АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Берік Аманбаев полиция қызметіне қызығушылық танытып келген жастарға Ішкі істер органына қызметке кіру тәртібі мен талаптарын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру