Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ауласында заңсыз есірткі еккен тұрғынды анықтады

Түркістандық полицейлер ауласында заңсыз есірткі еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Марат Мұсахановтан баянат келіп түскен. Онда жергілікті тұрғынның бірі өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп жүргендігін көрсетеді. Түскен хабар бойынша жеделдетіп іске кіріскен полиция қызметкерлері ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды ұстады. Полицейлердің анықтағанындай, күдіктінің ауласынан жеті түп «сора» есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру