Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғынының жоғалған жылқысын қайтарды

Түркістандық полицейлер ауыл тұрғынының жоғалған жылқысын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Шаян ауылының тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген бір бас жылқысын таппай қалғандығын хабарлаған. Құны 600 000 теңге тұратын жылқыларын өзі іздеп таба алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру кезінде куәгерлерден жауап алынып, жақын аумақтар мұқият қаралды. Егістік алқаптарын, бақташылардың жылқы баптайтын жерлері толық тексерілді. Қызметтік көлікпен жан-жақты мұқият қарап шықты. Нәтижесінде 40 шақырым қашықтықтағы Қапшағай таулы жерден тұрғынның жоғалған жылқысы табылды.

– 23 шілдеде жылқымды таппай қалдым. Полицейлерге алғыс! Жоғалған жылқымды аз уақыттың ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, менің іздеуімнен ештеңе шықпады. Өзімнің қараусыз жібергенім салдарынан, жылқымды жоғалтып, полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында қайта таптық. Бәйдібектік тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын, – деді жоғалған жылқының иесі Е. Спабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру