Түркістандық полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады
Түркістандық полицейлер мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-нің полицейлерімен жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру жол-көлік оқиғаларын төмендету және Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Тәртіп сақшылары осы шара барысында кешкі сағат 17:00 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінің көшелерінің бірінде жол ережесін бұзып келе жатқан Opel Vectra автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас екені анықталды. Полицейлер күдіктіні бірден бөлімшеге жеткізді.
Оған қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлерімен аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.