Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер Наурыз мейрамына орай тұрғындарға көмектесуде

Түркістандық полицейлер Наурыз мейрамына орай тұрғындарға көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданының полицейлері Шаян елді мекенінің тұрғыны 84 жастағы Тыл ардагері Жаппар Сұлтанбековтің үйіне арнайы барды.


Тәртіп сақшылары бір топ мектеп оқушыларымен бірге Наурыз мейрамына орай ардагердің үйін жинастырып, ауласын күл-қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


Бәйдібектік полицейлер ері мен әйелі де жұмыссыз жас отбасыға да қайырымдылық жасады. Полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, жағдайын сұрап, азық-түлік өнімдерін апарып берді. Бүгінгі таңда бұл отбасында үш ұл-қыз өсіп келеді.

Өз кезегінде жас ана полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру