Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер облыс автожолында түнгі рейд өткізді

Түркістандық полицейлер облыс автожолында түнгі рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта Сауран ауданы Самара – Шымкент автожолының 2059 шақырымындағы стационарлық шеп бекетінде рейд өткізді. Негізгі мақсат – азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалау, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау.

Профилактикалық іс-шараны Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов пен Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының бастығы Қанат Рақышев бастаған тәртіп сақшылары атқарып, жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көлік тізгіндеушілерге жол апатының алдын алуға бағытталған жадынамалар таратты.

– Бізде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар күнделікті өткізіледі. Қазір республикалық маңызы бар тас жолдың бойында тұрмыз. Мұнда Түркістан облысына Қызылорда облысынан әртүрлі көліктер кіріп-шығуда. Тәртіп сақшылары көліктердің әрқайсысын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі рейдке Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі мен жергілікті телеарналардың журналистері қатысты. Жалпы дәл осы аумақта бір күнде 30-дан аса құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетелдік көліктерден 12 құқық бұзушылық анықталды. Ал сақтандыру полисі жоқ 1 көлік айыптұраққа қойылды, – деп атап өтті облыс полицейлері.

Көлік жүргізушілері де аталған шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, жол қозғалысын реттеп, апатты болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жүрген полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру