Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Түркістандық полицейлер ҚР Президентінің Жолдауын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденовтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылау жиыны өтті. Аталмыш жиын Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ұйымдастырылды.

– Мемлекет басшысы сайланып, қызметке отырғалы бері халыққа мән-маңызы зор Жолдауларды арнап, елдің дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру тұрғысында қыруар жұмыс атқарылып келеді. Сондықтан жолдауда айтылған әрбір сөз халық үшін маңызды. Ішкі істер органдарына қатысты айтылған жолдарды да біз назарға алып, бұлжытпай іске асыруымыз керек. Президенттің жолдауы – жаңа мүмкіндіктерді береді. Ендеше жұртқа жақын полиция, сервистік полиция моделі, естуші мемлекет жобалары аясында жұмысымызды тиянақты әрі сапалы орындауымыз қажет. Жолдауды мұқият оқып, әрбір сөзіне мән беріңдер, – деді Түркістан облысының ПД бастығы.

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов жиналғандарға жолдауды таныстырып, Президенттің сөздерін жеткізді. Өз кезегінде мәжіліс залына жиналған полицейлер жолдауды мұқият тыңдады. Әрбір бөлімі бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды да пысықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру