Түркістандық полицейлер сауда үйінен ұрлық жасаған күдіктіні анықтады
Түркістандық полицейлер сауда үйінен бірнеше құлаққап пен телефон қуаттағыш құрылғыларын ұрлаған жас жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының полиция басқармасына қала тұрғынынан ұрлық қылмысы жөнінде арыз түскен. Арызданушының айтуынша, өзінің жұмыс орнындағы сауда үйінен белгісіз біреу алты Air Pods құлаққабын, екі қуаттағыш құрылғысын және бірнеше телефонның қаптағыштарын ұрлап кеткен.
Келтірілген шығын 100 мың теңгеден асқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Мән-жайды анықтау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті шараларды атқарды. Куәлардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы бейнебақылау камералары тексерілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғынды анықтады.
Анықталғандай, күдікті жас жігіт сауда үйінен телефондарға қажетті құрылғыларды біртіндеп жымқырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.