Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер тергеу саласының зейнеткерін мерекемен құттықтады

Түркістандық полицейлер тергеу саласының зейнеткерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбеков пен Кентау қаласы полиция бөлімінің тергеу жөніндегі орынбасары Нұржігіт Әлиев саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнап, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеу саласының зейнеткері Сәрсенкүл Тегебаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты. Сонымен қатар, бағалы сыйлық табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.

Ер азаматтармен иық тіресіп, абыройлы қызмет атқарған Сәрсенкүл Тегебаева өзінің еңбек жолын 1982 жылы Шымкент облысы Ішкі істер басқармасының тергеуші қызметінен бастап, 1996 жылы еңбек жолын аяқтап, зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткер бүгінде екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, құтты орындарына қондырған, 10 немересін айналып-толғанып отырған ардақты әже.

Өз кезегінде жыл сайын елеп-ескеріп, мерекемен құттықтап келетін полицейлерге Сәрсенкүл Тегебаева алғыс айтты.

– Қыз балада төркін деген ұғым болады. Қай қыз болсын барлығына төркін деген ең жақыны. Полиция менің төркінім. Сол төркінімнің дәлелі әлі күнге дейін әр мерекеде мені құттықтап келіп отырады. Мен барлық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде ұлы бар, қызы бар, үлкені мен кішісі бар барлығына шын жүректен алғысымды білдіремін. Биыл менің ішкі істер саласында жұмысымды тоқтатқаныма 25 жыл уақыт болды. Осы уақыт ішінде полицейлер мені  бір рет ұмытқан емес. Төрлерінен орын беріп, құрметтеп келеді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді Сәрсенкүл Тегебаева. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру