Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ұрлық жасамақ болған екеуді ұстады

Түркістандық полицейлер ұрлық жасамақ болған екеуді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға облыс орталығында құрылыспен айналысатын ЖШС-лердің бірінен арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, олардың ғимараттарына белгісіз екеу ұрлыққа келіп, бір қапшық кабель сымдарын ұрламақ болған. Алайда күзетші дер кезінде ұрыларды көріп қалып, не істеп жүргендерін сұраған. Осы сәтте екі ер адам қолдарындағы базар нарқымен 200 мың теңге болатын сымдары бар қапты тастап, қашып үлгереді.

Аталған жайт ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары ұрыларды іздеуге бірден кірісті. Түркістан ҚПБ-ның КПБ қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Куәлардан сұрастырды. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдікті екеудің осы аумақта құрылыс жасаумен айналысатын жұмысшылар екенін анықтады. Осылайша күдікті ретінде кентаулық екі жігіт ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше тұрғын үй, сауда орны, басқа да ғимараттарыңыздың ауласына бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Ұрылардың жолын жабу үшін, қауіпсіздік шараларын іске асырыңыздар. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру