Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді

Түркістандық полицейлер «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Аталған акция барысында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психолог маманы Алия Базарбайқызы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аселхан Божикенова қала аумағындағы Жеңіс саябағында, ашық аспан астында мұғалімдер мен жасөспірімдердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырды.

Іс-шара барысында халықты ақпараттандыру үшін қоғамдық орындарда 400-ге жуық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, зорлыққа тап болған әйелдерге өздерінің құқықтары қорғалатындығы туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері бұндай шаралар әйелдердің құқығын қорғайтын ең маңызды кездесу екендігін айта кетті. Және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру