Түркістандық сақшылар балалардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етуде
Түркістан қалалық ювеналды полиция инспекторы Сәдуақас Абзал жол қауіпсіздік ережелерінің көп бұзылуына байланысты мектеп оқушылырына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушыларына жаяу жүргіншілер жолағынан қалай өту керектігін айтып, арнайы жолда жүру ережелері жазылған көрнекі құралдарын көрсетті.
Білім мекемесіне бөлінген полиция қызметкерлері күнделікті жол бойында орналасқан мектептерде оқитын балалардың жаяу жүргіншілер жолағымен дұрыс өтуі, жол ережесін бұзбауы және жол апатына ұшырамауы немесе себепші болмауы, жалпы алғанда аман-есен үйлеріне жету қадағалауда.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған мұндай іс-шараларды Түркістан қаласының сақшылары күнделікті таңғы сағат 07:45-тен кешкі сағат 19:30-ға дейін, яғни оқушылардың таңғы, түскі және кешкі мектепке баруы мен шығуы уақытында іске асырады.
Өз кезегінде білім ошақтарының басшылары мен ұстаздары полицейлердің белсенді жұмыстарына алғыстарын айтуда.