Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық жігіт жарты келі гашишпен ұсталды

Түркістан облысында жарты келі гашиш есірткісін сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы жайттерін анықтау, жолын кесу, оларды өткізу мен сақтауға қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша тұрақты түрдегі жұмыстарды жүргізуде.

Мысалы, Кентау қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Жергілікті тұрғынның тұрғылықты үйін тінту кезінде бір дана полиэтилен пакет, 10 мг-дық 40 дана шприц және қағазға оралған құрамында есірткі заты бар өсімдік тәркіленді. Полиция тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді.

Қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған заттың таза салмағы 502 грамм гашиш есірткісі екені анықталды. Гашиштің бұл салмағы 2 500-ден астам адамның бір реттік дозасы болып есептеледі. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру