Түркістанның полицейлері мейрамханаға жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірген тұрғынды анықтады
Түркістанның полицейлері мейрамханаға жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын мейрамханасынан «Самсунг А02» маркалы ұялы телефоны, ноутбук пен ет тартқышты белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде 2 сағат ішінде күдіктіні қала көшелерінің бірінен қолға түсірді. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті қолды еткен ұялы телефонмен ноутбукты сатып үлгерген. Ал ет тартқышты полицейлер тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.