Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанның туристік тыныштығын қамтамасыз ететін инспектор

Тарихы терең, рухани орталық саналатын Түркістан қаласына күн сайын алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен мыңдаған қонақ келеді. Осындай қарбалас сәттерде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Солардың бірі – Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының туристік полиция инспекторы Әсел Кембаева. Ол туралы толығырақ Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Инспектордың жұмыс күні таңғы саптық жиыннан басталады. Мұнда жеке құрамға нақты тапсырмалар беріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер айқындалады.

https://youtube.com/shorts/s23Ne-cGyXcтурк

Қызмет барысында Әсел Кембаева туристік нысандар аумағында қоғамдық тәртіпті қадағалайды, азаматтарға бағыт-бағдар көрсетіп, құқықтық кеңес береді. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Туристік аймақтарда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу, жоғалған заттар мен құжаттарды табуға көмектесу, шетелдік қонақтарға еліміздің заң талаптарын түсіндіру – инспектор қызметінің маңызды бөлігі.

Әрбір азаматпен сыпайы әрі кәсіби қарым-қатынас орнату – туристік полиция жұмысының басты қағидаты. Инспектор полиция қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін көрсетуді әрдайым назарда ұстайды.

Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы – басты назарда. Қала қонақтарының Түркістаннан жағымды әсермен оралуы – құқық қорғау органдары жұмысының нәтижесі.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақталған жерде ғана туризм дамиды. Ал бұл бағыттағы жүйелі жұмыс – туристік полиция инспекторларының күнделікті еңбегінің жемісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру