Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркия Президенті ҚР ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады

Түркия Президенті Қазақстан Ресупбликасының ІІМ Ұлттық ұлан офицеріне диплом табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркия Республикасының астанасы Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті академиясы түлектерінің салтанатты шығарылымы өтті. Түлектер қатарында – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар. Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының Президенті қатысты.

Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды. Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты.

Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков бастап барды. Сапар барысында қазақстандық өкілдер Жандармерия және жағалау күзеті академиясының жеке құрамды даярлау жүйесімен және заманауи әскери білім беру әдістемелерімен танысты.

Сонымен қатар делегация Жандармерияның Логистика қолбасшылығында, арнайы мақсаттағы JÖAK бөлімшесінің оқу орталығында, сондай-ақ байланыс электрондық жүйелері мен ақпараттық жүйелерді басқару орталығын көрді. Сапар барысында Аңсаған Балтабеков Жандармерияның Бас қолбасшысы Али Чардакчымен кездесті.

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының Түркияға сапары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам. Бұл сапар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Түркия Жандармериясы арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға жол ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру