Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Тұрмыс" ЖПІШ: Алматы облысында жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Қарасай ауданы Шамалған ауылында "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері, мүдделі органдар өкілдері және ауданның белсенді жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан Бекебаев, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Эльмира Есенбаева, Отбасыны қолдау орталығының директоры Мадина Саутбекова, оның орынбасары Ғазиз Каримов және "Атамекен" орталығының директоры Аяужан Сәдуақасова қатысты.

Талқылау барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке жұмыс жүргізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын құру, отбасылық құндылықтарды нығайту және денсаулықты сақтау мәселелері көтерілді. Спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған танымдық ақпаратпен бөлісті. Ерекше назар жастармен кездесулерді ұйымдастыруға, "жедел желі" қызметін дамытуға, отбасыларды қолдауға және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының жұмысына аударылды.

Сонымен қатар осындай бастамалардың қолжетімділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы айтылды. Жастар талқылауға белсене қатысып, сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Ақпараттық-ұйымдастырушылық іс-шара барысында аудан жастарының отбасылық құндылықтар, отбасылық денсаулықты нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне бей-жай қарамайтыны анық байқалды.

Қатысушылар мұндай кездесулердің отбасы қарым-қатынасына саналы және жауапты көзқарас қалыптастыру үшін маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру