Тұрмыстық техника сыйға тартылды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа тұрмыстық техника сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері Қызылорда қаласындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа қажетті тұрмыстық техника алып берді.
– Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Мекеме ұжымының бірлігінің арқасында Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа көмек көрсеттік. Осы мекемедегі туған-туыстарымен байланысы, үй-күйі жоқ азаматтар алғысын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр, – деді ЗК-169/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Ералиев.