Туысын балағаттаған павлодарлық қамауға алынды
Туысын балағаттаған павлодарлық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бастап Ертіс ауданында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы 10 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
– 2021 жылғы 23 мамырда Ертіс ауданының полиция бөліміне әйел адамнан арыз келіп түсті, әйел қайынағасын жауапқа тартуды өтінді. Туысқаны мас күйінде арызданушының үйінде жанжал шығарып, оның жұбайына тіл тигізгені анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды. Сотта тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындады.Ертіс аудандық сотының 2021 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК 73-бабының 1-бөлімі бойынша құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.