Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туысының үйіне келген қонақ телефон ұрлап кеткен

Түркістан облысы полицейлері қонаққа келіп, туысының телефонын жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби аудандық полиция бөлімшесіне Леңгір қаласының жергілікті тұрғыны әйел арызданады.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйіне туыстары мен көршілерін қонаққа шақырған. Қонақтар кеткен соң, өзінің «ОРРО» маркалы ұялы телефоны жоқ екенін байқайды. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 170 000-нан астам теңгені құрады. Осылайша ұрланған телефонын тауып беру үшін полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеді.

Төлеби ауадндық полиция бөлімшесінің тәжірибелі полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы
тез арада іске кірісті. Барлық қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, қонақта болған барлық адамдардан жауап алынды. Нәтижесінде, күдікті сол күні қонақта болған туысы болып шықты. Қазығұрт ауданының тұрғыны, ұялы телефонды ұрлағанын мойындады. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда аталған жайт
бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз бағалы заттарыңызға, ұялы телефон, әмияндарыңызға, одан бөлек алтын бұйымдарыңызға барынша сақ болыңыздар деп ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру