Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туысының үйіне қонаққа барған әйелдің ұялы телефонын ұрлап кетті

Полиция қызметкерлері ұялы телефонды жымқырып кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Әйел арызында туысының үйіне жиынға барғанда өзін жайсыз сезінгенін, осыны пайдаланған күдікті бірер уақыт ішінде оның «Нефос Х20» ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрайды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Шұғыл әрекетке көшкен тәжірибелі тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды. Қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, кінәлі азаматша ұсталды. Ол туысының көршісі болып шықты.

Тергеу барысында белгілі болғандай күдікті әйел жәбірленушінің ұялы телефонын Шымкент қаласындағы сауда дүкендерінің бірінде 23 мың теңге ақшаға айырбастаған. Бас шарасы қолхатта.

Жеке мүліктің ұрлануына жол бермеу үшін Түркістан облысы полиция департаменті қала тұрғындарынан қырағы болуларын сұрайды. Мысалы, Сіз жер үйде немесе көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарында тұратын болсаңыз, пәтер ұрлықтарын болдырмау мақсатында сенімді құлып пен терезелерге торлар орнатқаныңыз жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру