Түзеу мекемелеріне сын айтылған жоқ
Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері Ролан Абкадыров пен Александр Муха Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мекемелерін аралап шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар сотталғандардың жатын орындарын, мекеменің асханаларын, медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің жай-күйін, қатаң жағдайда ұстау орындарын, кездесу бөлмелерін тексерді, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері мекемелерді аралау барысында сотталғандарға қолжетімді орындарда Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, қоғамдық бақылау комиссияларына, ұлттық алдын алу тетігіне, сондай-ақ прокуратураға жолдау үшін арыз-шағым салуға арналған жәшіктердің бар-жоғына, жасақтардағы сотталғандардың жатын орындарының жай-күйіне ерекше назар аударды. Сотталғандармен сұхбат жүргізіп, жеке сұрақтарымен жүгінген сотталғандарды қабылдады.