Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінің қызметкерлері мұқтаж адамға қан тапсырды

Ақмола облысында түзеу мекемесінің қызметкерлері донорлыққа мұқтаж қарт адамға қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері қарт адамға көмектерін тигізу мақсатында,  қан донорлары ретінде өзінің үлестерін қосты.

Әлеуметтік желілерде Атбасар түзеу мекемесінің қызметкерлері, Державинск қаласының 63 жастағы тұрғыны Валентина Онофриенкоға кез келген топтың қаны  шұғыл қажет екендігін білді. Мекеме қызметкерлері шетте қалмай донор болуға шешім қабылдады. Өтеусіз қан тапсыруға пенитенциарлық жүйенің 20 қызметкерлері ниеттерін білдірді.

Айта кету керек, қызметкерлер жиі донор болып, өтеусіз қан тапсыру бойынша қоғамдық акцияларды өткізбеуге тырысады. Қарт әжеміз тез арада қалпына келіп отбасымен бірге өмірінің қызығын көреді деп үміттенеміз.

Ол қазір бақылауда тұр, оның жағдайы тұрақтанды, деп хабарлайды дәрігерлер.  

Медициналық ұжым мекеме қызметкерлерінің көрсетілген көмектері үшін алғыстарын білдіріп, аталмыш акциялар қан құюға мұқтаж пациенттердің өмірлерін құтқаруға көмектеседі.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.