Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған аудионы таратқан әлеуметтік желі қолданушысы жауапқа тартылды

Көлік полицейлері тыйым салынған аудио жазбаны сақтаған «ВКонтакте» парақшасының иесін жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Атырау облысының 25 жастағы А. есімді тұрғынынан «әлеуметтік желіде тыйым салынған діни мазмұндағы аудиожазбаны сақтау» фактісін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Сарықұл Жоланов мәлімдеді.

Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды, – дейді С.Жоланов. Атырау қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде 55 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру