Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған материалдарды таратқан ақтөбеліктерге айыппұл салынды

Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері екі деструктивті діни ағым ұстанушыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Темір ауданының екі тұрғыны WhatsApp мессенджерінде деструктивті діни материалдарды (аудио,видео) таратқандығы анықталды.

Осыған орай, полиция қызметкерлері күдіктілерді жауапқа тарту мақсатында таратылған деструктивті діни материалдарға сараптама тағайындап, материалды сотқа жіберді.

Екі азаматқа осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 20 АЕК айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру